ҰҚҚ: терроризмді насихаттау фактілері бойынша 7 қазақстандық пен 1 шетелдік азамат сотталды

Олар діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыруға қатысқан

Sarbaz.kz редакторы
30/04/2024 - 10:27

Фото ҰҚҚ жедел бейнесінен кадр

Фото ҰҚҚ жедел бейнесінен кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы мен 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҰҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған.

Тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізу барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылған.

Олардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланды. 2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85