БҚО-ның Ақжайық ауданында Жайық суы сай-саланы толтырып жатыр

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 30 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 665 сантиметрге жетті

Sarbaz.kz редакторы
30/04/2024 - 09:59

Фото: astanatv.kz

Фото: astanatv.kz

Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 32 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 30 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 665 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Жайық өзенінің суы Январцев ауылы мен Орал қаласы тұсында бір тәулікте 10 сантиметрге төмендеді. Январцевте 834 (қауіпті шегі – 1 250 см), облыс орталығында 828 (850 см) сантиметрді көрсетті. Сондай-ақ Көшім ауылында су деңгейі қауіпті шектен 10 сантиметрге төмен (840 см).

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің айтуынша, Жайық өзенінің суы сай-салаларды толтырып, төмен қарай ағып жатыр. Өзен бойындағы елді мекендер бақылауда.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85