Бұрынғы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

Ол Ішкі істер министрі лауазымын 2019 жылы атқарған

Sarbaz.kz редакторы
30/04/2024 - 09:35

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Бұрынғы ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев қаңтар оқиғасына байланысты ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

«Осы жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізукодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Бас прокуратура Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасап, жауап алынғанын хабарлаған болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91