ХАМАС содырлары бір апта ішінде кепілге алынғандар түсірілген екінші видеосын жариялады, онда олар босату туралы келісімге келуге шақырды
ХАМАС лаңкестік ұйымы былтыр қазан айында кепілге алынған екі адамды көрсеткен жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Sarbaz dw.com сайтына сілтеме жасап.
Үш минуттық видеода 64 жастағы Кит Сигел мен 46 жастағы Омри Миранды көруге болады. Кадрларға қарағанда, екеуі де содырлардың қысымымен сөйлеген. Контекст видеоның жақында түсірілгенін көрсетеді.
Миран 202 күн тұтқында болғанын айтса, Сигель Құтқарылу мейрамы туралы айтты. Екі адам да Израиль билігі мен жұртшылығын тұтқындарды босату туралы келісімге келуге шақыруда.
Келісімге қол жеткізу үшін наразылық білдіруді жалғастырыңыз, – дейді кепілге алынғандардың бірі.
Видео ХАМАС лаңкестерінің үндеуімен аяқталады.
Ұлтшыл басшыларыңыз тұтқынға түскен адамдарыңыздың тағдыры мен олардың көңіл-күйін ойламайды, тым кеш болмай тұрғанда не істеу керек болса, соны істеңіз, – дейді олар.