ХАМАС: АҚШ-тың қысымы бізге әсер етпейді

ХАМАС қандай жағдайда Израильмен соғысты тоқтатуға дайын екендерін айтты

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 17:52

Фото: BBC

Фото: BBC

Америка Құрама Штаттары мен өзге 17 ел ХАМАС-ты кепілге алынғандарды босатуға шақырды. Бұған жауап ретінде ХАМАС ұйымы Американың қысымы әсер етпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ, сол сияқты құрамында Франция мен Ұлыбритания бар бас-аяғы 17 мемлекет ХАМАС ұйымын кепілге алынғандарды босатуға шақырды. Мәлімдемеде бұл келісім дереу және ұзаққа созылатын атысты тоқтатуға және гуманитарлық көмектің артуына әкелетіні айтылған.

«Америка қысымы бізге әсер етпейді», - деп жауап берді ХАМАС.

Ұйым басшылығы тұтқындар соғыс аяқталғанда ғана босатылатынын атап өтті.

Бұған дейін топтың жоғары лауазымды өкілі Халил әл-Хайя Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Израиль 1967 жылғы шекара бойынша, тәуелсіз Палестина мемлекетін құруға келісетін болса, содырлар қаруларын тастап, онымен бітімге келуге әзір екенін айтқан. Бірақ Израиль бұған қарсылық білдірді.

Сонымен қатар, Газа секторында палестиналық құтқарушылар мен фельдшерлер жақында ірі ауруханалар маңында табылған жаппай бейіттерге қатысты тәуелсіз халықаралық тергеуге көмектесуге дайын екендіктерін білдірді. Қазірге дейін 400-ге жуық мәйіт табылды деген ақпарат бар.

Көптеген адамдар жоғалған туыстарын табу үмітімен эксгумация орындарына барады. Осы аптаның басында БҰҰ нақты, ашық және сенімді тергеу жүргізуге шақырды.

×

Редакция

$ 439.43  473.31  4.82