Израиль ХАМАС-пен келісімге келу мәселесін қарастырып жатыр

Ұсыныс жақын арада делдалдарға беріледі

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 15:07

Фото: AP / Hatem Moussa

Фото: AP / Hatem Moussa

Израиль кепілге алынған 20 адамды босату үшін ХАМАС-пен шектеулі келісімді қарастырып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қазір ұйым кепілге алған 20 адамды – әйелдерді, қарттарды, әскери әйелдерді және денсаулығы нашар адамдарды босатуды сұрайды. Өз кезегінде Израиль палестиналықтардың Газа секторының солтүстігіне оралуына рұқсат береді. Бірақ бұл келісімде Израильдің соғысты аяқталғанын жариялау мәселесі қарастырылмаған.

Ұсыныс әскери министрлер кабинетінің отырысында талқыланды және жақын арада ХАМАС ұйымымен келіссөздер кезінде делдалдарға беріледі, делінген хабарламада.

Айта кетейік, сәуір айының басында Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздерде делдал болып жүрген Қатар үкіметінің басшысы Мұхаммед бин Абдельрахман Газа секторында бітім орнату жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелгенін мәлімдеген.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91