Ресейден тағы бір алаяқ экстрадицияланды

Ол 9 кәсіпкерден үлкен сомада қаражат алып кеткен

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 14:20

Фото: Telegram / Бас прокуратура / видеодан скришот

Фото: Telegram / Бас прокуратура / видеодан скришот

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тұрақты негізде адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Осыған байланысты Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей тарапымен экстрадициялау туралы мәселе аяқталды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратура мәліметінше, аталған тұлға 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген.

«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды. Өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеу аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын 4,3 млрд теңге ұрлаған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланған болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44