Париж Олимпиадасында 16 жастағы жасөспірім теракт жасауды жоспарлаған

Франция қазір террорлық қауіптің ең жоғары деңгейін енгізген

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 10:47

Фото: Bild

Фото: Bild

Францияда лаңкестікке қарсы прокуратура 16 жастағы жасөспірімге қатысты тергеуді бастады. Оған теракт жоспарлады деген айып тағылып отыр. Тергеушілердің айтуынша, студент өзінің әлеуметтік желілерінде шейіт ретінде өлу үшін жарылғыш заттан белбеу жасамақ болғанын жазған. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасөспірім бұған дейін Францияның Альпі тауларындағы қалалардың бірінде ұсталған. Қазір тәртіп сақшылары оның лаңкестік ұйымдарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу Франциядағы Олимпиада ойындары кезінде шынымен де лаңкестік әрекет жасау жоспарының болған-болмағанын анықтайды.

Nouvel Obs жасөспірім Париждің Ла-Дефенс іскерлік ауданында теракт жасамақ болған деп хабарлайды. Студенттің ата-анасының үйін тінту кезінде олардан ДАИШ лаңкестік ұйымына адалдығы туралы құжат табылды.

Франция қазір террорлық дабылдың ең жоғары деңгейінде. Сонымен қатар, лаңкестер биыл жазда Германияда өтетін футболдан Еуропа чемпионаты кезінде шабуыл жасаймыз деп қорқытып отыр.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94