Грекия Украинаға әуе қорғанысы жүйесін беруден бас тартты

Осыған дейін Әзербайжан Украинаға қару-жарақ беруден бас тартқан

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 10:29

Фото: wikimedia

Фото: wikimedia

Грекия Еуроодақ пен НАТО-ның қысымына қарамастан Украинаға әуе қорғаныс жүйелерін бермейтін болды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Кириакос Мицотакис мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Financial Times басылымына сілтеме жасап.

«Бізден сұрады және біз мұндай қадамға неліктен бара алмайтынымызды түсіндірдік. Грекия Украинаға әртүрлі жолмен қорғаныс материалдарымен қолдау көрсетті. Бірақ біз бастапқыда-ақ өзіміз үшін маңызды қару жүйелерін бере алмайтынымызды айттық», – деді Мицотакис.

Оның айтуынша, Грекия Patriot пен С-300 жүйелерін Украинаға бермейді. Испания мен Грекия басшылары Брюссельде өткен саммитте әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің бір бөлігін Украинаға беруге шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін Әзербайжан Украинаға қару-жарақ беруден бас тартқан болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07