Иран ядролық қару жасап шығарудың алдында тұр – Bild

Қазір 12 мың шақырымға дейін ұшатын зымыранның алғашқы сынақтарын өткізуге дайын

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 10:15

Фото: Bild

Фото: Bild

Осы аптаның басында Германияда Бонн университетінің Қауіпсіздік, стратегия және интеграция саласындағы тереңдетілген зерттеулер орталығының директоры Ульрих Шли өз сөзінде Иран ядролық қару жасаудың алдында тұр деп ескертті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір сарапшының сөзін Парламент депутаты, Иранның Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының мүшесі Джавад Карими Годоуси растады.

«Иран енді бір апта бұрын ғана ескертіп, ядролық сынақ жүргізуге қабілетті», – деп жазды ол X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Одан кейін Джавад Карими Годоуси Иран президенті Әли Хаменеиден бұйрық алынса, әскерилерге «12 мың шақырымға дейін ұшатын зымыранның алғашқы сынақтарын өткізуге» бір апта ғана қажет екенін айтты.

Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) директоры Рафаэль Гросси Deutsche Welle агенттігіне Иранның ядролық бомба жасау үшін жеткілікті байытылған уран алуына «айлар емес, апталар жеткілікті» екенін айтты. Алайда бұл Иран бірнеше аптадан кейін ядролық қаруға ие болады дегенді білдірмейді.

«Функционалды ядролық оқтұмсық жасау үшін бөлінетін материалды өндіруге тәуелді емес басқа да көптеген нәрселер қажет», – деді Рафаэль Гросси.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16