Ақтөбеде бес қабатты үйден өрт шығып, 40-тан аса адам құтқарылды

Құтқарылғандар арасында 10 бала бар

Sarbaz.kz редакторы
14/08/2023 - 15:12

Кеше сағат 13:22-де 101 пультіне Ақтөбе қаласының Жаманқұлов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртеніп жатқанын анықтады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге және тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

«Барлау жүргізу кезінде өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды. Сонымен қатар баспалдақ маршы арқылы 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды.

Өрт сағат 13.47-де сөндірілді. Өрт алаңы 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің 26 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, өрт орнына Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы барды», - делінген ведомство хабарламасында.

Ақтөбе облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07