Әзербайжан Украинаға қару-жарақ беруден бас тартты

Әзербайжан Украинаға гуманитарлық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді

Sarbaz.kz редакторы
26/04/2024 - 09:43

Фото: РИА Новости / POOL

Фото: РИА Новости / POOL

Әзербайжан Украинаға өтінішіне қарамастан қару-жарақ жеткізе алмайды. Бұл туралы ел президенті Ильхам Әлиев айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Гуманитарлық көмек көрсетеміз, бірақ қару-жарақпен көмек көрсете алмаймыз. Украинадағы соғыс этникалық және діни тұрғыдан өте жақын екі халық үшін үлкен трагедия», – деді президент.

Әлиев Киевке гуманитарлық және қаржылық көмек көлемін 30 миллион еуродан астам деп бағалады. Баку Әзербайжан диаспорасы көп тұратын Киев облысындағы Ирпен қаласын қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Президент «одан артық ешнәрсе жоқ» деп қосты.

Әзербайжан Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайды. Бұл позиция жасырын емес және ол Ресеймен қарым-қатынасқа әсер етпеуі керек. Оның айтуынша, бұл ұстаным Әзербайжанның ұлттық мүдделеріне негізделген.

Ел билігі Киевті қару-жарақпен қамтамасыз етуді жоққа шығарады. Алайда наурыз айында армян саясаткері Валерий Погосян Ереванда Баку Украинаға қару жіберіп жатқаны туралы ақпарат бар деп мәлімдеген. Әзербайжанның қорғаныс өнеркәсібі министрлігі бұл хабарды жоққа шығарды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91