Ресей елден тыс жерде төлқұжат беруге тыйым салуы мүмкін

Мұндай тыйым Беларусь пен Украинада енгізілген

Sarbaz.kz редакторы
25/04/2024 - 15:17

Фото: РИА Новости / Нина Зотина

Фото: РИА Новости / Нина Зотина

Ресейдің сыртқы істер министрлігі елден тыс консулдық мекемелер арқылы шетелдік төлқұжаттар мен басқа да құжаттарды беруді тоқтатуы мүмкін. Бұйрық жобасы «Новая газета» тілшілерінің қолына түсті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тыйым мақұлданса, шетелде тұратын ресейліктер мерзімі өтіп кеткен құжаттарын өзгерту үшін Ресейге оралуға мәжбүр болады. Шектеулер биыл енгізілуі мүмкін.

Дегенмен Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Ашық өтірік, жалған», - деп хабарлады министрлік.

Мұндай тыйым Беларусь пен Украинада енгізілген.

БҰҰ мәліметі бойынша, 2021 жылы оның 10 миллионға жуық ресейлік өз елдерінен тыс жерде өмір сүрген. Соғыс пен мобилизация қарсаңында елден кемінде 700 мың адам қашып кеткен. Олардың тек 155 мыңға жуығы Еуропаның басқа елдерінде, Түркия мен ТМД елдерінде уақытша тұруға рұқсат алған. 2022 жылы Еуроодақ елдерінен тағы 15 мың адам саяси баспана сұрады, бірақ оны тек екі мыңы ғана алды.

Қалғандары үшін ресейлік төлқұжат жеке басын куәландыратын жалғыз құжат болып қала береді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91