«Даңқты батырлар атымен аталады»: Сенат «Айбын» орденіне қатысты заңды мақұлдады

Заңда «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру ескерілген

Sarbaz.kz редакторы
25/04/2024 - 15:01

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңы мақұлданды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған Заңның мақсаты – мемлекеттік награда жүйесін жетілдіру, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 наурыздағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау.

Заңда «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру ескерілген.

«Атап айтқанда, I дәрежелі «Айбын» орденін Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен, II дәрежелі «Айбын» орденін Бауыржан Момышұлының есімімен, III дәрежелі «Айбын» орденін Рахымжан Қошқарбаев есімімен атау ұсынылды», - деді Сенат депутаты Андрей Лукин. 

Заң мақұлданған кезде күтілетін нәтиже – даңқты батырлардың жауынгерлік ерліктерін мәңгілік есте қалдыру, сондай-ақ жалпыұлттық сананы, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайтуға, әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға ықпал ету. 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85