Ресей қару-жарақ пен оқ-дәріні соғысқа қажетті мөлшерден көптеп өндіріп жатыр

Қару-жарақтың басым бөлігі қазір майданға жіберілмейді

Sarbaz.kz редакторы
25/04/2024 - 12:31

Фото: РФ қорғаныс министрлігі

Фото: РФ қорғаныс министрлігі

Германияның қорғаныс министрі Ресейдің қажетті қару-жарақ пен оқ-дәріні Украинадағы соғысқа қажетті мөлшерден де көбірек өндіріп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус ARD телеарнасына берген сұхбатында қазіргі уақытта Ресей әскери қоймалары қару-жарақ пен оқ-дәріге толы екенін атап өтті.

«Өндірілетін өнімнің басым бөлігі немесе бір бөлігі енді майданға жіберілмейді, қоймаларда сақталады», - деді Писториус.

Германияның қорғаныс министрінің пікірінше, Владимир Путиннің әскери амбициясын қанағаттандыру үшін қару-жарақтың көп мөлшері қажет.

«Аңқаулыққа салынып, ол мұны тек сақтықпен жасайды деуге болады. Ал мен күмән ретінде бұл жағдайда ол бірдеңе жоспарлап отыр немесе ойында бірнәрсе болғандықтан істеп жатыр деп айтқым келеді», - деп қосты Писотриус.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94