АҚШ Украинаға жасырын түрде ATACMS зымырандарын жеткізді

Бұл Украинаға 300 миллион долларлық әскери көмек пакетіне енгізілген

Sarbaz.kz редакторы
25/04/2024 - 11:50

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Соңғы апталарда АҚШ Украинаға жасырын түрде алыс қашықтыққа– 300 шақырымға дейін ұшатын ATACMS зымырандарын жеткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нақты қанша зымыран жіберілгені белгісіз. АҚШ-та бұл ақпарат ресми түрде расталды.

«Мен Америка Құрама Штаттарының Украинаға Президенттің тікелей бұйрығымен ATACMS зымырандарын бергенін растай аламын. Ол ақпан айында өзінің ұлттық қауіпсіздік командасына ATACMS-ті Украинаға жіберу туралы жария бұйрық берген жоқ», – деді АҚШ Мемлекеттік департаменті аппараты басшысының орынбасары Ведант Пател.

Бұл зымырандар наурыз айында Украинаға 300 миллион долларлық әскери көмек пакетіне енгізілген болатын. АҚШ президенті Джо Байден өз командасына ATACMS ұзақ қашықтыққа арналған жүйелерді қаржыландыру пакетіне қосуды, бірақ операциялық қауіпсіздікті және тосын элементті сақтау үшін мұны жасырын түрде жасауды айтты.

Кремль ұзақ қашықтықтағы ATACMS зымырандарының жеткізілуіне жауап берді.

«Егер Киев АҚШ-тан қазіргі заманғы ATACMS алыс қашықтықтағы басқарылатын зымырандық кешендерін алса, Ресей Украина әскерлерін одан әрі артқа ығыстырып, «буферлік аймақты» кеңейтуге мәжбүр болады», – деді Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Пентагон АҚШ арсеналынан зымырандардың жоғалуы АҚШ әскерінің жауынгерлік әзірлігіне нұқсан келтіреді деп қауіптеніп, алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды орналастыруға алғашында қарсы болды.

Бұл қаруды Украина Қарулы Күштері қолданып үлгерді деген болжам бар. ATACMS арқылы 17 сәуірде таңертең Қырымдағы аэродромға соққы берді.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5