Қазір тергеу жүргізіліп жатыр
Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті. Бұл туралы Sarbaz.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.