Алматы облысында судья педофилизмге қатысты істе пара алған

Ол 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды

Sarbaz.kz редакторы
24/04/2024 - 17:35

Фото: Александр Сударев

Фото: Александр Сударев

Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Sarbaz.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 17 қаңтарда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахманова жемқорлық үшін 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94