Атырауға тасқын судың басым бөлігі мамыр айында келеді – жедел штаб

Жайық жағалуына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды

Sarbaz.kz редакторы
24/04/2024 - 15:05

Фото: Атырау облыстық ТЖД

Фото: Атырау облыстық ТЖД

БҚО-дан келетін үлкен су көлемі Атырауда Жайық өзенінің арнасын мамыр айының басында тасытуы мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб жанындағы зерттеуші ғалымдардың жұмысшы тобының өкілі Арман Жұмағазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Жалпы бұрынғы деректер бойынша, Атырау облысына судың көп бөлігі 12 мамырға келген екен. Бірақ биыл Ресей аймағынан су көлемінің көп келуі, көктемгі су тасқынның ерте басталуына себеп болып отыр. Батыс Қазақстан облысы тарапынан төменге аққан су Атырауға шамамен 6-7 күнде келеді. 2-3 мамыр күндері Жайық өзенінің арнасы толады деп күтіліп отыр», дейді ғалым Арман Жұмағазиев.

24 сәуір күнгі сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша Жайық өзенінің Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 422 см-ге жетті. Өзеннің қауіпті деңгейі – 550 см. Жайық жағалуына 229,6 шақырым бөгет тұрғызылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91