eGov mobilе базасы аясында Qoldau.gov.kz порталы әзірленді
Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған Qoldau.gov.kz сайты ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Спикердің айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен әр азаматқа, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылық қожалығының өкіліне тиімді уақытылы көмек көрсетіледі. Осыған орай осы жұмысты ыңғайландыру және ашықтығын көрсету үшін eGov mobilе базасы аясында Qoldau.gov.kz порталы әзірленді.
«Әрбір азамат, ШОБ немесе ауыл шаруашылық қожалығының өкілі осы мобильді қосымшаға кіріп, өз өтініштерін жүктей алады. Оның қалай қаралып жатқанын онлайн режимде бақылауға болады. Порталда өтемақының кімге берілетіні, өтемақының түрлері туралы ақпарат ұсынылған, сондай-ақ зардап шеккен үйдің орнына тұрғын үй салуға немесе оны қалпына келтіруге өтініштер қабылданады. Бәрі онлайн форматта», - деді спикер.