«Бұл – нағыз сандырақ»: Райымбек Баталов Бишімбаев сотына қатысты мәлімдеме жасады

Бишімбаев Салтанат Нүкенова мен Райымбек Баталовтың қарым-қатынасы болғанын айтты

Sarbaz.kz редакторы
23/04/2024 - 17:56

Фото: Андрей Лунин

Фото: Андрей Лунин

Бизнесмен Райымбек Баталов Instagram желісіндегі парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында өзіне қатысты айтылған сөздерге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сөз басында Райымбек Баталов 22 сәуір күні экс-министрдің сотында болған жағдайдан кейін абыройын қорғау үшін арнайы мәлімдеме жасағанын айтты.

«Достар, Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келмеген еді. Бірақ менің атым мен абыройыма нұқсан келетін ақылға қонымсыз сөздер мәлімдеме жасауыма мәжбүр етті. Айтайын дегенім, сұмдық қылмыс жасады деген айып бойынша күдікке ілінген адамның маған қатысты айтқан сөздері – нағыз сандырақ, тап-таза жалған. Мұндай жалған сөздерге сенбеңіздер, БАҚ өкілдері мен блогерлер тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын.

Ал осындай ауыр жағдайға тап болған Салтанаттың жақындары мен туыстары қыздарының абыройын қорғауға мәжбүр болғаны әрине өкінішті. Мен Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын», - деді Райымбек Баталов.

Айта кетейік, 22 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың телефонында табылған видеода Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкеновадан Райымбек Баталовпен қарым-қатынасы туралы сұрап, оны қатты балағаттағаны айтылды.

×

Редакция

$ 443.16  480.39  4.94