Қала аумағында орналасқан өндіріс обьектілеріне тексеріс жүргізілді
Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтар анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау қаласының полиция басқарамасы көші-қон қызметі бөлімі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында орналасқан өндіріс обьектілеріне тексеріс жасады.
Тексеру жұмыстары нәтижесінде заңсыз жұмыс істеп жүрген Тәжікстан Республикасының 38, Өзбекстан Республикасының 12 азаматы анықталды.
Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс жасаған шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-тармағы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауымен көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган өз бетінше жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.