Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы су тасқыны жағдай туралы
ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде су деңгейінің көтеріліп барады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Спикердің айтуынша, жұмылдырылған күштер мен құралдар қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су сору жұмыстарын жалғастыруда. Барлық кезек күттірмейтін шаралар қабылданып жатыр.
Атырау облысында Жылыой ауданының Құлсары қаласында су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору және судың бағытын бұру, Жайық өзені бойында жағалауды бекіту жұмыстары жалғастырылуда.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты күрделі. Су басқан үйлер мен аумақтардан суды сору жұмыстары, Есіл өзеніндегі судың деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр.
«Республика бойынша 26 785 адам өз үйлеріне оралды. 8 795 адам, оның ішінде 3 828 бала эвакуациялау пунктерінде. 4 708 тұрғын үй мен 2 774 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.