Ресейдің Жайық өзеніне ағызған суының салдарынан жағдай қиындай түсті – ТЖМ

ҚР ТЖМ өңірлердегі ағымдағы су тасқыны жағдайы туралы айтты

Sarbaz.kz редакторы
23/04/2024 - 12:06

Фото: Атырау облыстық ТЖД

Фото: Атырау облыстық ТЖД

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасуда. Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеуде. Бұл өңірлердегі елді мекендерді су басу қаупі жоқ», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, төтенше жағдай аймақтарындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде. Бұл ауыз суды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды және көлік байланысын қалпына келтіруге қатысты.Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91