Ертең Қазақстанға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі келеді

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады

Sarbaz.kz редакторы
23/04/2024 - 11:58

Фото: ANADOLU AGENCY

Фото: ANADOLU AGENCY

24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтеді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.

«Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91