Шымкенттегі гүл дүкеніндегі жағдайға қатысты тергеу бастады

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды

Админ
13/08/2023 - 19:23

видеодан кадр

видеодан кадр

Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің «ROMANTIC» гүл салоны мен «Eldorado» ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ІІМ мәліметінше, Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі «Салғырттық» бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады. Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады, - делінген ресми мәлімдемеде.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85