Ұлыбритания Украинаға көмек ретінде 500 млн фунт бөлді

Әскери көмек пакетіне 1600-ден астам зениттік зымыран кірді

Нұрқанат Омарұлы
23/04/2024 - 10:47

Фото: Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі

Фото: Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі

Ұлыбритания үкіметі Украинаға көмекке 500 млн фунт (617 млн доллар) бөлетінін және 1600 зымыран беретінін мәлімдеді. Бұл Ұлыбритания тарапынан көрсетілетін әскери көмектің рекордтық пакеті болмақ. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қомақты көмек жайында Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Польшаға сапары барысында ресми түрде мәлімдейді. Бірақ үкімет Укаринаға жәрдем жайлы күні кеше жариялаған.

«500 млн фунт көлемінде қосымша қаржы аса қажетті оқ-дәрілерді, әуе шабуалдарына қарсы құралдарын, дрондар мен инженерлік саймандарды жедел жеткізуге жұмсалады. Дрондар Біріккен Корольдіктен сатып алынады», - делінген үкіметтің баспасөз хабарламасында.

Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі дайындаған әскери көмек пакетіне 1600-ден астам зениттік зымыран, оның ішінде Storm Shadow қанатты зымырандарының жаңа партиясы, 60 қайық пен катер, 160 Husky броньды машинасы, 162 басқа да броньды машина, 78 әскери көлік және төрт миллионға жуық оқ-дәрі кіреді.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53