Бишімбаев 20 жылға, Байжанов 6 жылға сотталуы мүмкін – адвокат

Қуандық Бишімбаевтың ісі қазір күнделікті онлайн өтіп жатыр

Нұрқанат Омарұлы
23/04/2024 - 10:35

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін? Ал қылмыстық әрекетті жасырмақ болды деп айыпталған Бақытжан Байжановқа қандай жаза қолданылады? Sarbaz.kz тілшісі адвокат Мерхат Ахметолдиннің болжамына жүгінді.

Қуандық Бишімбаевтың ісі қазір күнделікті онлайн өтіп жатыр.

«Қуандық Бишімбаев тергеу іс-әрекеттеріне толықтай қатысып, мән-жайды анықтау үшін белсенділік танытқан жоқ. Бір сөзбен айтқанда, сотқа дейінгі тергеу амалдарына атсалыспады. Ұялы телефонының өзін сот барысында ғана тексерді. Соған байланысты, істі қарау созылып кетті. Ал жазаға келетін болсақ, Бишімбаев өмір бойына қамалады дегенге өз басым сенбеймін. Меніңше, 10 немесе 20 жылға қамалуы әбден мүмкін», - дейді адвокат Мерхат Ахметолдин.

Мерхат Ахметолдинның айтуынша, жауапқа тартылып жатқан Байжанов алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91