«Бұқаралық ақпарат құралы» ұғымын «Масс-медиа» деп ауыстыру»: министр жаңа заң жобасы туралы айтты

Аида Балаева: «Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаражат шығындарын талап етпейді»

Нұрдәулет Кәкіш
22/04/2024 - 17:18

Фото: Жалпы Мәжіліс отырысындағы тікелей трансляциядан кадр

Фото: Жалпы Мәжіліс отырысындағы тікелей трансляциядан кадр

«Ақпарат саласында бұрын-соңды болмаған бірқатар жаңашылдық еніп отыр». ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысында жаңа заң жобасы туралы айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Бұл қоғам үшін маңызды әрі қажетті құжат. Ақпарат саласында бұрын-соңды болмаған бірқатар жаңашылдық еніп отыр. Сондықтан Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 1-бабының 2.1-бөлігінің талаптарына сай осы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленген болатын. Оның негізгі мақсаты – Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің баптарын жаңадан қабылданған Масс-медиа туралы заң жобасының баптарымен үйлестіру. Мәселен, заң тілінде «бұқаралық ақпарат құралы» ұғымын «Масс-медиа» деп ауыстыру, өзгерту, сондай-ақ 451және 452-баптарды бір бапқа біріктіруді көздейді. Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қаражат шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды», - деді Аида Балаева.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85