Су тасқыны: азық-түлік тасымалдайтын дрондар Америкадан жеткізілді

Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 15:19

Фото: Telegram / Bagdat Mussin/ видеодан скриншот

Фото: Telegram / Bagdat Mussin/ видеодан скриншот

IT қауымдастық шетте қалмай, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек қолын созды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Министрдің айтуынша, жағдай анықталғаннан кейін көмек көрсетуге себеп болатын барлық мүмкіндік қарастырылған. Нәтижесінде ARC Drones дрон құрылғасының 3 данасын Америкадан Қазақстанға жеткізу туралы шешім қабылданған.

Сөз арасында ARC Drones өкілдері қазір Атырау қаласында және ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп ең шалғай және жеткізу қиындық туғызатын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмірлік маңызды материалдық құралдарды шұғыл тасымалдау жұмыстарына кірісуге дайын екенін қозғап өтті.

«ARC Drones – қазақстандық Әлібек Ерсай мен Әсел Тұрсын негізін қалаған американдық стартап екенін атап өткім келеді. Бұл дрондар салмағы 10 км радиуста 30-40 кг-ға дейін және күніне 100-ге дейін рейс орындай алады.

Осы дрондарды қолданып, біз құтқарушылар мен еріктілердің қауіпсіз қызметін күшейтеміз. Сонымен қатар, дрондарды су сынамаларын жинауға да қолдануға болады.

Дрондарды шұғыл пайдалану жақын арада қажет болмайды және еліміздегі су тасқыны жағдайы қалыпқа келеді деп үміттенемін», - деді министр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91