Ол ХАМАС-тың шабуылы үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнына алды
Израильдің әскери барлау қызметінің басшысы генерал-майор Аарон Халива 2023 жылдың 7 қазанындағы ХАМАС шабуылына қатысты өз департаментінің жұмысының сәтсіз болуына байланысты отставкаға кетті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Әскери барлау департаментінің бастығы генерал-майор Аарон Халива штаб бастығымен келісе отырып, барлау департаментінің басшысы ретінде 7 қазандағы оқиғаларға жауапкершілігіне байланысты отставкаға кетті», - делінген хабарламада.
Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант бұл шешімді мақұлдады және орнына басқа адам тағайындалғаннан Халива IDF-тегі қызметін аяқтайды.
Халива соғыс басталғаннан кейін бір жарым апта өткен соң лаңкестердің тосын шабуылы үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын мәлімдеді.
«Біз өзімізге жүктелген негізгі тапсырманы орындай алмадық, мен әскери барлау басшысы ретінде бұл сәтсіздікке толық жауаптымын», - деді ол.
Аарон Халива 1200-ге жуық адамның, негізінен бейбіт тұрғындар, сарбаздар және шетелдік азаматтардың өмірін қиған ХАМАС шабуылына байланысты отставкаға кеткен алғашқы жоғары лауазымды израильдік қайраткер болды. 250-ге жуық адам тұтқынға алынды. Газада Израильдің ХАМАС-қа қарсы соғысы жүріп жатыр.
Сол сияқты Израильдің жалпы қауіпсіздік қызметінің басшысы Ронен Бар да жауапкершілікті алды. Ол Палестина-Израиль қақтығысы аяқталған соң биліктен кетеді деп күтіліп отыр.