Қырғызстанда сел жүріп, бірнеше ауданды су басып қалды

Ош облысында төтенше жағдай енгізілді

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 13:12

Фото: vesti.kg

Фото: vesti.kg

Қырғызстанның Ош облысында сел салдарынан төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Vesti.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қара-Құлжа, Алай және Қарасу аудандарының бірқатар елді мекендерінде сел болды.

21 сәуір күні кешкісін аудандық басқарма басшылары мен азаматтық қорғау қызметтері басшыларының қатысуымен жедел штаб отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Ош облысында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылданды.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94