ҚазҰУ-да әскери журналистика мамандығы ашылады

Қос дипломды бағдарлама ҚазҰУ мен ҚР ҚМ Әскери-инженерлік институты арасында жасалды

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 12:33

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әскери журналистер даярланады. «Әскери журналистика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтымен бірлесіп әзірленді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бағдарлама мақсаты – отанды қорғауды академиялық білімінен бастап, әскери журналистика негіздері, қарулы қақтығыс жағдайындағы репортаж, қақтығыстарды басқарудағы медиатехнологиялар, террорлық қауіп жағдайындағы талдау материалдарын даярлауда кәсіби құзіретті мамандар даярлау.

Жұмыс тобының құрамында әскери-инженерлік институты тарапынан академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы, доцент, майор Мұхит Түрумбетов Бауыржанұлы, методист, майор Жанарбек Керімқұлов Махамбетұлы бар.

Ал ҚазҰУ тарапынан білім беру бағдарламаларын жобалау кеңсесінің бас маманы Гүлмира Сүлейменова Сұлтанқызы, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаева Серікбайқызы, кафедра оқытушысы, Эрасмус бағдарламасының үш дипломдық бағдарламасының түлегі (Таллин, Будапешт) Шыңғыс Абиров бар.

ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес 2001 жылы 15 қазанда құрылған. Орталық Азиядағы байланыс және автомандырылған жүйені басқару мамандарын даярлайтын бірден бір жоғарғы әскери-инженерлік оқу орны.

Ал Әскери-инженерлік институттың мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің интеллектуалды негізі саналатын жоғары білікті офицер кадрларын даярлау.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94