Қызыл теңіздегі хуситтердің шабуылдары кімге тиімді?

Аймақтағы жағдай 10 жылдық тыныштықтан кейін ушыға түскен

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 12:49

INDIAN NAVY

INDIAN NAVY

Қызыл теңізде хуситтердің коммерциялық кемелерге шабуылына байланысты кеме қатынасы компаниялары борттар үшін қарулы күзетті жалдауға көшті, деп жазады Financial Times газеті теңіз қауіпсіздігі бойынша мамандандырылған қызметтерді ұсынатын ұйымдардың өкілдеріне сілтеме жасай отырып. Кеме иелері экипажды, кеме мен жүкті қазіргі қауіп-қатерден қорғауға ұмтыла түскендіктен, күзет қызметіне сұраныс өсуде, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қызыл теңіз бен Аден шығанағындағы қауіптің күшейе түсуі осы аудандағы сауда кемелерінің бортында қарулы күзетті пайдалануды ұлғайтты», - деп хабарлады әлемдегі ең ірі халықаралық кеме иелері қауымдастықтарының бірі Bimco қауіпсіздік қызметінің басшысы Якоб Ларсен.

Британиялық EOS Risk ірі күзет фирмасының атқарушы директоры Дэвид Джонсон компанияның бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп тапсырыс алғанын растады. Ол сұраныстың өсуін 10 жылдық құлдырау кезеңінен кейінгі өңірдегі тұрақсыздықпен байланыстырып отыр.

Financial Times ақпараты бойынша, Қызыл теңіздегі хуситтердің әрекетіне байланысты кеме қатынасы компаниялары жекеменшік әскери ұйымдардың қызметіне жүгінуде.

Бұл ретте, Sedna Global теңіз тәуекелдері жөніндегі америкалық консалтингтік компанияның басшысы Джон Гахаган қазіргі жағдайда кемелерге анағұрлым ауқымды және тиімді қорғаныс қажет, оның ішінде дрондардың көмегіне жүгіну керек деп санайды. Оның ойынша, жекеменшік күзет компаниялары бүгінде қалыптасқан қауіптің бетін қайтару үшін жаңа қадамға баруы керек.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4