Араб жігіт Қазақстан армиясында борышын өтейді

Ол Өскеменде Құрлық әскерлерінде қызмет етеді

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 11:40

Фото: Алматы горнизонының баспасөз қызметі

Фото: Алматы горнизонының баспасөз қызметі

Қазақстан азаматы, ұлты араб Абдалла Салих Сами Эль Том Қазақстан армиясының қатарына шақырылған сарбаздардың қатарын толықтырды. Ол Өскеменде Құрлық әскерлерінде қызмет етеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Жас жігіт Алматы қаласы Наурызбай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен әскер қатарына шақырылған. Абдалла 22 жаста, қазақ мектебінде оқыған. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерінде сөйлейді. Ол сурет салуды және баскетболды ұнатады. Мектепті бітіргеннен кейін дүкенде жібекбаспада жұмыс істеген», - деді Алматы гарнизонының баспасөз қызметі жігіт.

Әскерге шақырылушының анасы – Жанат Бекжан шығыстану пәнінің мұғалімі. Абдаллах Самидің әкесі – судандық және мамандығы бойынша – кардиолог. Абдалланың әкесі ұлының Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге деген ұмтылысына қолдау білдірді.

«Шынымды айтсам, әскери борышымды өтеу туралы мектепте жүргенде ойлайтынмын. Ол жақта  адамның мінезі шыңдалатынын білемін. Маған бәрінен бөлек тәртіп, ұйымшылдық және әскери мамандық алу мүмкіндігі сияқты нәрселер ұнайды», - деді әскерге шақырылған Абдалла Салих Сами Эль Том.

Онымен бірге 45-тен астам алматылық Өскемен қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдерінің біріне борышын өтеуге аттанды.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94