Оралды су тасқынынан қорғау үшін тағы 500 әскери қызметші жұмылдырылады

Кеше Жайық өзені тасып, Орал маңындағы саяжайларды су басқан

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 10:09

Фото: Atyrau Press

Фото: Atyrau Press

Оралды тасқыннан қорғау шараларына еліміздің басқа өңірлерінен тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жұмылдырылады. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қанат Бозымбаев Оралдың периметрі бойынша су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Су тасқынының шарықтау шегі ұзарады деген болжам бар, осыған байланысты вице-премьер су басу қаупі бар аймақтағы өзендердің бойындағы топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды.

Айта кетейік, кеше Жайық өзені тасып, Орал маңындағы саяжайларды су басқан болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91