Израиль президенті: Газадағы палестиналықтардың азабы жүрегімді ауыртады

Ол Иранның соққысы туралы да қозғап өтті

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 09:50

Фото: Bild

Фото: Bild

Газадағы палестиналықтардың азабы жүрегімді ауыртады. Бұл туралы Израиль президенті Bild басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Израиль президентінің негізгі тезистері:

Газа тұрғындары туралы

Герцог палестиналық көршілеріне алаңдаушылық білдірді.

«ХАМАС-тың Газа секторындағы терроры салдарынан осындай жағдайға душар болғаны жүрегімді ауыртады. Бірақ шабуылды ХАМАС өздері бастады. Соғысқа түрткі болды. Бұл ХАМАС-тың Палестина халқына әкелген қасіреті», - деді ол.

Кепілге алынған израильдіктер туралы

«Жүрегіміз қан жылайды. Газада 133 израильдік бар. Олардың қайда және жағдайлары туралы ешкім білмейді. Бұл олардың отбасы мен жақындары үшін ғана емес, бүкіл халық үшін үлкен қайғы. Ең бастысы соғыстың аяқталуы сезілуі керек. Бәрі ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардан басталып, сол адамнан аяқталады. Біз оны өлі немесе тірідей ұстауымыз керек. Міне осы шешуші сәт», - деді Израиль президенті.

Иранның соққысы туралы

Герцогтың айтуынша, Тегеран өз азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартудың орнына террорлық әрекеттің қанат жаюына миллиардтаған доллар жұмсайды және Израильдің күштері мен мүмкіндіктерін қате бағалайды. Саясаткер «әлемді тойдыратын сәт» келетініне және Иран халқының өзі билік режиміне қарсы көтерілетініне сенімді.

Еуропаның Иранға деген көзқарасы туралы

«Егер олар (Еуропа) оянбаса, барынша күшті болып, НАТО құрамындағы коалициямен осы зұлым империямен күреспесе, Еуропа болашақта осы жайбасарлығының құнын төлеуі мүмкін», - деді ол.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91