4 млрд теңгеден астам қаражат негізсіз жұмсалмақ болған – Антикор

«Қоғамдық бақылау туралы» Заң таныстырылды

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 09:25

Фото: inbusiness.kz

Фото: inbusiness.kz

Жемқорлыққа қарсы еріктілер 4 млрд теңгеден астам қаражаттың негізсіз жұмсалуының алдын алды. Бұл туралы Sarbaz.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.Сарқұловтың қатысуымен Алматыда жемқорлыққа қарсы еріктілердің жалпы республикалық жастар дөңгелек үстелі өтті.

«Бүгінде еріктілер қатарына 3 мыңға жуық адам кірді. Олардың жұмысының арқасында 4 млрд теңгеден астам сомаға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде бағаны көтеру тәуекелдерінің алдын алды», - деп Ұ. Сарқұлов атап өтті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында еріктілер үшін 2024 жылғы 4 сәуірде күшіне енген «Қоғамдық бақылау туралы» Заң таныстырылды.

Жаңа Заң қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық белсенділердің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91