Таулы Қарабақтан шығарылған Ресей әскері Украинаға жіберілуі мүмкін – Bild

Олар 2020 жылдың күзінен бері аймақта болды

Sarbaz.kz редакторы
22/04/2024 - 09:01

Фото: Александр Рюмин/ТАСС

Фото: Александр Рюмин/ТАСС

Өткен аптада Ресей Таулы Қарабақтан «бітімгершілік күштер» деп атаған күштерін шығара бастады. Олар 2020 жылдың күзінен бері аймақта болды. Олар енді Украинаға жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, контингенттің саны – 2000-ға жуық. Олар техникамен бірге Әзербайжаннан теміржолмен шекара арқылы Дағыстанға тасымалданады.

Ашық деректерді талдау бойынша BILD сарапшысы Юлиан Репкенің айтуынша, бұл контингент Украинаға жіберілуі мүмкін деген болжам бар.

Бітімгерлер ондаған жаңа БТР-82А бронетранспортерлерімен қаруланған. Репкенің мәліметінше, Украинадағы майдан шебінде Ресей армиясы заманауи жаяу әскерлер мен бронетранспортерлерге өте мұқтаж.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85