Ел бойынша 23 мың адам өз үйіне оралды – ТЖМ

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде

Админ
21/04/2024 - 16:38

gov.kz

gov.kz

Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басты. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнында саяжай үйлерінде тұрғындардың бар-жоғына тексеру, жағаларды бекіту, қапшықтар және инертті материалдар төсеу, су сору жұмыстары жүргізілуде. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын.

Аталмыш саяжайлар Жайық өзені алқабының төменгі бөлігінде орналасқан.

Әуе кемесімен жергілікті жерде  әуеден барлау жүргізіліп, сондай-ақ адамдарды іздеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда.

Ақтөбе облысынан және 52859 әскери бөлімінен ТЖМ, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің қосымша күштер мен құралдар Батыс Қазақстан облысына жіберілді.

Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жүргізіледі.

Осы сағатта 23 085 адам өз үйлеріне оралды. 4 551 тұрғын үйден судың бағыты бұрылды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85