Жайық өзені тасып, Орал маңындағы саяжайларды су басуда

Осы минуттарда Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді

Админ
21/04/2024 - 15:08

ТЖМ

ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері келді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Осы минуттарда Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда. БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келді. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын. Алайда жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда, - деп хабарлады ТЖМ.

Орал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Амангелді Ешмұхановтың айтуынша, су басу қаупі бар 820 саяжайда қыста 190 отбасы тұрған.

Барлығы бір апта бұрын эвакуацияланды. Үйлерін күзетуге санаулы адам ғана қалды. Қазіргі уақытта көшіруден бас тартқандар полиция бөлімімен бірге мәжбүрлі түрде эвакуациялануда, – дейді Амангелді Ешмұханов.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16