Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр

Осылайша әуе жүк тасымалын ұйымдастыру кезіндегі уақытша шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды

Админ
20/04/2024 - 09:50

unsplash.com

unsplash.com

Қазақстанда жүк авиатасымалдары саласындағы бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында E-freight ақпараттық жүйесі сәттіенгізіліп, жұмыс істеп тұр. Аталған платформаға барлық әуе компаниялары мен әуежайлар қосылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Электрондық ресімдеу және жүктерді сүйемелдеу арқылы әуе жүк тасымалын ұйымдастыру кезіндегі уақытша шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды.

Жолаушылар тасымалы саласында электрондық билеттерді сатып алу, онлайн-брондау және цифрлық құжаттар қызметтерін пайдалану қалыпты құбылысқа айналды. Ендігі кезекте цифрландырудың келесі қадамы рейске отырғызукезінде жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру болуы тиіс. Бұл әуежайларда жолаушыларды отырғызу процесін бірнеше есе жеңілдетеді және тездетеді, – деп мәлімдеді министрлік.

2023 жылы биометрия пилоттық жоба ретінде елордалық әуежайда енгізілді. Алдағы уақытта пилоттық жоба оң нәтижелерін көрсеткен болса, Қазақстанның барлық әуежайына енгізілетін болады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91