Израиль үкіметі анклав халқын аштыққа ұшыратты деген айыпты жоққа шығарды
Израильдің 13-арна тілшісі Мориа Асаф Вольберг Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербок пен Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газа секторындағы соғысқа байланысты қызыл кеңірдек болып, бір-біріне айып таға сөйлегенін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Израиль тарапы Газа секторында жасалған кадрларды көрсеткен кейін дау басталған. Фотосуреттерде анклав аумағында орналасқан базарларды, олардың сауда орындарындағы тамақтың көптігін көруге болады. Осылайша, ГФР СІМ басшысына Газа секторындағы аштық проблемасы Еуропадағыдай аса өткір болмайтынын дәлелдеуге тырысқан.
Анналена Бербок болса, анклавтағы азық-түлік жағдайы апатты күйде екенін айтып, Израильге Газаның аштыққа ұшыраған балаларының суреттерін көрсете алатынын жеткізді.
Осыдан кейін пікірталас шиеленісіп кетті. 13-ші арна тілшісінің айтуынша, Нетаньяху «израильдіктер нацистерге ұқсамайды» деп қызуқанды жауап берген. Бұл ретте Израиль премьер-министрі еврейлерді жаппай өлтіру туралы бүкіл әлемді жаңылыстыру үшін нацистер таратқан концентрациялық лагерьлердің суреттерін меңзеп айтқан.
Израильдің 13-арна тілшісінің айтуынша, Анналена Бербок пен Биньямин Нетаньяху арасындағы даудың жаңа парағы ашылды. Соңғы бірнеше ай ішінде Германияның сыртқы істер министрі канцлер Олаф Шольцке қарағанда Израильді сынға ала бастады. Бербок Израильге Газа секторындағы гуманитарлық жағдайға байланысты айып тағып отыр.
Ал Израиль үкіметі, керісінше, анклав халқын аштыққа ұшыратты деген айыпты жоққа шығарды.