Елімізге бидай әкелуге салынған тыйым мерзімі ұзартылды

Шешім "сұр схемаларын" болдырмау мақсатында қабылданды

Админ
12/08/2023 - 23:20

gov.kz

gov.kz

2023 жылғы 10 сәуірде  автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден бидай әкелуге тыйым салу шешімінің уақыты 2023 жылғы 10 қазанда аяқталады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2023 жылғы 10 тамызда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысының шешімімен қатысушылар тыйым салуды белгілі бір шектеулермен тағы алты айға ұзарту туралы ортақ пікірге келді.

Шешім бидайды ҚР-на әкелудің және оны Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарынан автомобиль көлігімен реэкспорттаудың "сұр схемаларын" болдырмау мақсатында қабылданды.

Бұл ретте отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқым материалымен қамтамасыз ету мақсатында тұқымдарды автокөлікпен жеткізуге рұқсат етіледі. Бірақ бұл жағдайда партиялар тұқымның сапасы туралы куәлікпен қоса бірге жүруі керек.

Бұдан бөлек, лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына жеткізілімдерді қоспағанда, импорттық бидайды Қазақстан аумағына және теміржол көлігімен әкелу шектеледі. Автокөлікке тыйым салуды ұзарту және теміржол шектеулерін енгізу туралы бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлейді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91