Семейде жеңгетайлықпен айналысқан зейнеткер сотталды

Ол әр тапсырыстан 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алып отырған

Sarbaz.kz редакторы
19/04/2024 - 12:23

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Семейде зейнеткер жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны үшін 2,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 62 жастағы тұрғын қаладағы сауналардың бірінде қабылдау бөлмесінің артында жезөкшелікті ұйымдастырған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Ол алдын ала жазылу бойынша келген клиенттерге «түнгі көбелектер» қызметін ұсынған. Әрбір тапсырыстан кәсіпкер зейнеткер орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алып отырған», - делінген Polisia.kz сайтында.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркіледі. Сутенер мен 9 қыз полиция бөліміне жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, жеңіл жүрісті қыздардың үшеуі – Қазақстан азаматы, алтауы – Өзбекстан азаматы. Барлығы оперативті есепке алынады.

Сутенерге қатысты «Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Зейнеткерге 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына қолданылды. Қазір ол Абай ауданы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебінде тұр.

Пробациялық бақылау мерзімі бұзылған жағдайда сот шартты жазаның күшін жояды және оны нақты жазамен ауыстыруы мүмкін, яғни үкімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін түзеу мекемесінің қабырғасында қалуы мүмкін.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91