Украина АҚШ-тың қандай қару-жарағына зәру?

АҚШ бүгінге дейін Украинаға 44,2 млрд доллар көлемінде көмек көрсетті

Нұрқанат Омарұлы
19/04/2024 - 11:57

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

АҚШ Украинаға толық көлемде көмек көрсетпесе, Ресей армиясы алдағы шабуылда айтарлықтай үстемдікке ие болуы мүмкін. Бұл туралы Украинаның да, Батыстың да әскери мамандары, саясаткерлері мен сарапшылары пікір білдірді. Егер АҚШ Конгресі Украинаға көмек беруді соза берсе, Украина Қарулы Күштеріне қандай қару-жарақ пен оқ-дәрілердің тапшылығы қаупі төнбек? Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылардың мәліметінше, АҚШ-тың Украинаны және оның қарулы күштерін қаржыландыруға қаражаты жоқ кезде оған басқа одақтастары, ең алдымен еуропалық одақтастар көмектесуге тырысады, бірақ олардың да ресурстары жеткіліксіз.

«2024 жылы АҚШ-тың әскери көмегі келмесе, оны толығымен алмастыру үшін Еуропаға қару-жарақ жеткізудің қазіргі деңгейі мен қарқынын екі есеге арттыруға тура келеді», - деп жазады Kiel Institute сарапшылары.

Ресей басқыншылығы басталғаннан бері Вашингтон Украинаға нені және қанша мөлшерде жеткізді? Бұл сұрақтың жауабы АҚШ-тың мемлекеттік департаменттің сайтында бар: «Бүгінгі таңда біз шамамен 44,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде әскери көмек көрсеттік» делінген.

Ол жерде Киевке берілген қару-жарақ тізімі де келтіріледі. Барлық тармақтар егжей-тегжейлі жазылмаған, мүмкін құпиялылық үшін, бірақ қолда бар ақпарат америкалық әскери көмектің қандай болғанын бағамдауға жеткілікті.

Агенттік тізім бойынша Украинаға жеткізілген қару-жарақ түрлерін жіктеп шықты.

Мәлімет бойынша Украинаға жеткізілген америкалық қару-жарақ түрлері Киевтің басқа одақтастарында бар. Мысалы, көптеген елдерде MIM-23 Hawk әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен оларға арналған зымырандар бар, ал АҚШ-тың өзінде бұл қару 2000-шы жылдардың басынан бері қолданылмайды.

Сонымен қатар, НАТО елдерінің арсеналы әлдеқайда алуан түрлі, оның үстіне өндірістік қуаттары да жоғары. Оларда ең заманауи БМП танктері, атақты «Хаймарлар» мен олардың аналогтары, ұшақтар мен дрондар сияқты артиллерияның барлық түрі бар.

BBC мәліметіне сүйенер болсақ, Украина үшін қазір америкалық БМП «Брэдли», 155 мм және 105 мм гаубицаларды, Stryker және М113 бронетранспортерлерін, барлық типтегі броньды машиналар мен жол талғамайтын көліктерді, сондай-ақ контрбатарейлік күрес радиолокациялық станцияларын жеткізуді тоқтатпау маңызды.

Украинада өзінің өндірістік қуаты бар, бірақ олар тоқтап тұр, себебі қару жасаушыларға төлейтін қаржы жоқ, деп мәлімдеді Украинаның стратегиялық өнеркәсіп салалары мәселелері жөніндегі министрі Александр Камышин.

Оның айтуынша, елдің 2024 жылға арналған бүкіл қорғаныс бюджеті шамамен 40 млрд долларды құрайды, оның басым бөлігі әскери қызметшілердің жалақысы мен төлемдеріне, сондай-ақ жеке құрам мен техника күтіміне жұмсалады.

«Қару-жарақ сатып алуға 6 млрд доллар қалды. Бұл біздің өндірушілерімізге, ең алдымен украиналық өндірушілерге арналған келісімшарттарда бар сома, бұл өте аз, себебі біздің өндірістік мүмкіндіктеріміз үш есе көп», - деді министр.

Украина шетелдік әріптестерімен украиналық әскери өнеркәсіп бұйымдарын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізуде, деп мәлімдеді Александр Камышин.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91