Полиция департаменті тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратқа сүйенуді сұрайды
Елорда мектептерінде атыс болатыны жайлы хабардан кейін Астана полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Кеше белгісіз біреулер әлдебір Telegram арнада Астананың бірқатар мектебінде атыс болатыны жайлы үздіксіз ақпарат таратты.
«Полиция департаменті мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Білім беру ұйымдарын тиісті қызметтер тексеріп шықты», - деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.
Полиция департаменті тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратты ұстануды сұрайды.
Естеріңізге салсақ, жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.