Иранның Израильге шабуылы: әлемдік сарапшылардың пікірі қандай?

Тікелей әуе соққысының алдында екі апта «психологиялық соғыс» болды

Нұрқанат Омарұлы
19/04/2024 - 09:02

Фото: inforeactor.ru

Фото: inforeactor.ru

Әлемдік сарапшылар Иранның Израиль аумағына жасаған алғашқы тікелей соққысының нәтижесіне қатысты түрлі пікір білдірді. Иранның Израильге шабуылынан кім ұтты және кім ұтылды? Sarbaz.kz тілшісі BBC сарапшыларына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль қорғаныс әскері өткен сенбі күні кешке қарай Тегеран Израиль аумағына 300-ден астам ұшқышсыз ұшақ жіберіп, зымыранмен атқылағанын хабарлады.

Иран мұны 1 сәуірде «Израильдің Дамаскідегі Иран консулдығына жасаған шабуылына жауап» деп атады.

Иран консулдыққа жасалған шабуыл жауапсыз қалмайтыны туралы дереу мәлімдеп, оның жойқын болатынына қосымша ескерту жасады. Израильдің шабуылынан Ислам революциясының сақшылар корпусының жеті мүшесі мен Сирияның алты азаматы қаза тапқан.

Рас, Израиль Иран консулдығына соққыны жасағанын ресми түрде растаған жоқ.

Не тапты, не жоғалтты?

Иран Израильге жасалған шабуыл сәтті болғанын жариялады. Алайда, бұл мәлімдемемен барлығы бірдей келіспейді. Мысалы, Лондондағы Араб-Иран зерттеулер орталығының директоры Али Нури Заде бұл шабуылмен Иран бір де бір ұпай таба алмады деп есептейді.

Оның айтуынша, Тегеранның шабуылы Иран режимінің әлсіздігін айқындады, себебі Израиль аумағындағы бірде-бір стратегиялық нысанға залалы тимеген.

Мұндай мардымсыз нәтижені тіпті Иранның өзіндегі кейбір азаматтардың мазағына қалды. Нури Заде егер Тегеран өзінің ұзақ жылдар бойы жүргізіп келе жатқан «психологиялық соғысын» жалғастырса, одан да көп жетістікке жетер еді деп санайды.

Бірақ қарама-қайшы келетін көзқарас та бар. Тель-Авив университетінің жанындағы Моше Даян орталығының Таяу Шығыс жөніндегі маманы доктор Эрик Рундский Израильдің жоғары жауынгерлік әзірліктің жай-күйін жариялауға мәжбүр болғандықтан жеңілгенін айтты. Оның айтуынша, бұл көптеген израильдіктерді қатты қорқытты, олар енді осындай шабуылдар қайталанады деп үрейленіп отырады.

Али Нури Заде Иранның ойдағыдай тойтарылған шабуылы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың билігін нығайта түсті. Оның ішінде ол АҚШ пен Газадағы соғысқа қатыс бұған дейін Израиль туралы ауыр сөйлеген батыс елдерінің көз алдында позициясын қалпына келтіруге көмектесті.

Алайда, Эрик Рундскийдің пікірінше, Израиль сенбі күнгі оқиғаларынан белгілі бір пайда көрсе де, бір жағынан жеңіліске ұшыраған.

Ол Иранның шабуылы Израильдің Таяу Шығыста қалыптасқан ахуал мен күштер тепе-теңдігіне дұрыс баға бере алмайтынын және оның Тегеранның өз аумағына соққысын болдырмауға қатысты сәтсіздігін көрсетті деп есептейді.

Батыстың «құшағына» оралу

Рундскийдің пікірінше, Иранның өз аумағына шабуылынан Израиль қандай пайда көре алады? Ол бұл соңғы айларда алғаш рет Израиль билігіне ресми қолдау білдірген Батыс елдерімен қарым-қатынаста шешуші сәт болуы мүмкін деп есептейді.

Оның айтуынша, Израиль Газадағы соғыстан туындаған шиеленістерден кейін осы елдердің, әсіресе АҚШ-тың «құшағына» орала алады.

Сонымен қатар, Али Нури Заденің айтуынша, Тегеран ел ішінде де, одан тыс жерлерде де саяси жеңіліске ұшырады. Оның іс-әрекеттеріне ешкім де қолдау білдірмегенін ескерсек, Иран көршілерінің қолдауынан айырылды. Али Нури Заде сондай-ақ, Батыста да, Шығыста да Иранды АҚШ-пен тікелей әскери қақтығысқа тартқысы келетін белгілі бір орталар бар екенін атап өтті.

Рундскийдің айтуынша, Израиль қоғамы соғыстың жалғасуына да, Газа секторында әлі де тұтқындалып отырған адамдарды босатуда ілгерілеушіліктің жоқтығына да көптен бері алаңдаушылық білдіріп келеді.

Заде Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи наразылық білдірген халық тарапынан ғана емес, өз режимінің көрнекті қайраткерлері тарапынан да күшті қысымға тап болады деп есептейді.

«Израильдің Аль-Кудс бригадасының жеті көшбасшысын (Палестина ислам жихады ұйымының әскери қанаты) өлтіруінен кейін оған [Иран революциялық] гвардиясының (Иран қарулы күштерінің) өкілдері кек алуды талап етіп, қатты қысым көрсетуде», - деді ол.

«Отпен жазылған хабарлама»

Бейруттағы Таяу Шығыс стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, Ливан армиясының отставкадағы генералы Хишам Джабер «шабуылдың ең басты оқиғасы оның күтпеген жағдай емес» екенін айтты.

Тікелей әуе соққысының алдында екі апта «психологиялық соғыс» болды, оның барысында Израильді «үрей биледі».

Ол бұл екі аптаның Израильге психологиялық және материалдық зиян келтіргенін мәлімдеді, себебі көптеген нысандар қирап, көптеген Израиль азаматтары үйлерін тастап кету туралы шешім қабылдады.

Джабер Иран жүргізген операцияны бүкіл әлемге Тегеран Израильдің әуе шабуылына дайындығын тексеру үшін Израиль аумағына зымыран жібере алатынын көрсеткен «отпен жазылған жолдау» деп атады.

Отставкадағы генерал сондай-ақ бұл операция Иранға соңғы жылдары «стратегиялық шыдамдылық саясаты» салдарынан жоғалған беделін қалпына келтіруге мүмкіндік бергенін, сондай-ақ Тегеранға әскери және стратегиялық ұпай жинағанын айтты.

Джабердің пікірінше, Иран Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын жаңылдыру үшін көптеген зымырандар мен ұшқышсыз ұшқыштарды ұшырып жіберді, бірақ бұл әрекеті нәтиже бермеген соң Израиль билігіне Таяу Шығыста әскери базалары бар АҚШ пен Ұлыбританиядан көмек сұрауға тура келді.

«Егер Израиль қарымта соққы жасауды таңдаса, оның зымырандары Иранның материгіне жетуі мүмкін. Бірақ Израиль айтарлықтай әрекет жасаудан қорқады, себебі Тегеран оларға жойқын соққымен жауап беретінін біледі», - деді ол.

Ол сондай-ақ Израиль әскери ұшақтарымен Иранды бомбалағысы келгенмен, оларға араб елдерінің әуе кеңістігімен жүруге тура келетінін айтып өтті.

Бағдарды өзгерту және қайта сенімге кіру

Лондон экономика мектебінің халықаралық қатынастар профессоры Фаваз Гергез Иран жасаған шабуыл Тегеранға қарағанда Израиль үшін әлдеқайда пайдалы болғанын айтады.

Ол бұл сөзін Иранның соққысы елеулі материалдық зиян келтірмегенін және адам өлімі тіркелмегенімен түсіндірді. Енді барлық батыс елдері Израильді тағы да қолдайды. Бұл ретте Вашингтон өз одақтастарын еврей мемлекетін жан-жақты қолдауға жұмылдырып, бұл елге қару-жарақ беру, барлау және қаржылық көмек саласындағы неғұрлым тығыз ынтымақтастықты орнатуға іс-қимыл жасауда.

Ол сондай-ақ Нетаньяху Батыспен, әсіресе президент Джо Байденмен қарым-қатынасты қалпына келтіре отырып, қырғи-қабақ кезеңнен кейін, батыс елдері Гергез Газа секторындағы «жабайылық» деп атағаны үшін Израильді сын астына алғаннан кейін, сөзсіз ұтатынын атап өтті.

«Израильдің стратегиялық жеңілісі»

Бірақ профессор Гергез де сенбі күнгі шабуылдың Израиль үшін жағымсыз салдарын дәл осылай  байқаған. Ол бұл – еврей мемлекетінің осал тұстарын көрсететін стратегиялық жеңіліс деп санайды.

Оның пікірінше, Иран өз халқына, одақтастары мен қарсыластарына Израильге қарсы тұруға дайын екенін көрсетіп, саяси тұрғыдан жеңіске жетті.

Профессор Иран батыс одақтастарының көмегіне сүйенбей Израильдің өзін жалғыз қорғай алмайтынын дәлелдеді, себебі көптеген ирандық зымырандарды АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Иордания атып түсірген.

Ол сондай-ақ Израильдің Иран нысандарына бірнеше мәрте соққы беруінің басты мақсаты Иранның әлсіз және қарсыласуға батылы жоқ екенін көрсету болғанын атап өтті. Алайда өткен сенбі бұл көзқарасты толығымен жоққа шығарды.

Гергездің айтуынша, жақсылықтың нышаны аз, себебі бүкіл өңір қазір саяси, әскери және экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін «дауылдың ортасында тұр».

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91