Германияда ұсталған ресейлік тыңшылар туралы жаңа мәліметтер жарияланды

Германияның Байройт қаласында тыңшылық жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Sarbaz.kz редакторы
18/04/2024 - 17:04

Фото: Bild

Фото: Bild

Германияда ресейлік барлаушы деген күдіктінің ұсталуына қатысты тың мәліметтер жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Германияның Байройт қаласында тыңшылық жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар америкалық әскери базалар мен әскери көлік жолдарына жоспарланған шабуылдар туралы ақпарат алуға тырысқан.

Bild хабарлағандай, Байройт маңында қауіпсіздік күштері күдіктілер ұсталған екі үйде тінту жүргізген. 39 жастағы ресейлік С.Дитерге ресейлік барлау қызметінің мүддесі үшін жұмыс істеді және құпия әскери нысандарды түсірді деген айып тағылған.

Атап айтқанда, С.Дитер 2023 жылдың қазан айынан бастап Германияда диверсия жоспарларын әзірлеген деген болжам бар. Олар Германиядағы жарылыстар мен әскери инфрақұрылым мен өнеркәсіптік нысандарды өртеу туралы талқылаған. Der Spiegel басылымының хабарлауынша, С.Дитер Графенвердегі АҚШ әскери нысандарына тыңшылық жасаған. Мұнда АҚШ армиясының Украина жауынгерлерін дайындайтын полигон бар.

Сондай-ақ, күдікке ілінген 37 жастағы Александр Дж., Ресейде туған, ұлты неміс. Ол 2024 жылдың наурызынан бастап С.Дитермен жұмыс істей бастады деп болжанып отыр.

Бүгін С.Дитер қамауға алынды, Дж.Александрға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы ертең, 19 сәуірде өтеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91