Германияда жарылыс жасамақ болған Ресейдің екі азаматы ұсталды

Прокурорлар күдіктілерге Ресейдің арнаулы қызметтерімен байланыста болды деген айып тағып отыр

Нұрқанат Омарұлы
18/04/2024 - 16:15

Фото: Christof Stache/AFP/Getty Images

Фото: Christof Stache/AFP/Getty Images

Ресейдің тапсырмасымен Германияда шоғырланған Украинаға арналған АҚШ-тың және неміс базаларын жарып жібермек болған екі азамат ұсталды. Прокурорлар күдіктілерге Ресейдің арнаулы қызметтерімен байланыста болды деген айып тағып отыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Guardian агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Германияның оңтүстігіндегі АҚШ-тың әскери нысандарына диверсиялық шабуыл жасады деген күдікпен Ресейдің екі азаматы тұтқындалды. Бұл туралы Германия прокуратурасы хабарлады.

Германия басылымдарының хабарлауынша, Дитер С. және Александр Дж есімді бұл адамдар  ресейлік тыңшылардың тапсырмасын орындамақ болды деген күдікке ілініп отыр.

С.Дитер ресейлік арнаулы қызмет өкілімен байланыста болды және 2023 жылдың қазан айынан бастап Германияда диверсия жоспарын әзірлеген.

Прокуратураның пікірінше, ол «Ресейдің агрессиялық соғысына қарсы күресте Германияның Украинаға көрсетіп отырған әскери қолдауын жою» ниетімен әскери инфрақұрылым мен өнеркәсіптік нысандарды жарып, өртеуге оқталғанын мәлімдеді.

Тергеушілер жинаған дәлелдемелерге сәйкес, бейнежазбалар мен фотосуреттерді негізге алғанда, ол Германия мен АҚШ-тың әскери нысандарын нысанаға алған.

Қазір белгілісі күдікті С.Дитер сәрсенбі күні Карлсруэде Германия федералдық сотында қамауға алынған. Александр Джейдің соты бүгін болуы тиіс.

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейсенбі күні журналистерге Кремльде тұтқындар туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91